Қоғам

Маңғыстауда аман қалған әскерилер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Маңғыстауда аман қалған әскерилер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Мемлекеттік наградаға 29011 әскери бөлімінің матростары Қуандық Бекет Бақтыбекұлы мен Темірхан Ақжол Тимурұлы, сондай-ақ осы әскери бөлімнің маманы, санитариялық нұсқаушысы Удалов Никита Александрович ие болды.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттаған.

Барлық жаңалық