Қоғам

Ұйымдасқан қылмыс: 45 қылмыстық іс сотқа жолданды

Ұйымдасқан қылмыс: 45 қылмыстық іс сотқа жолданды

Биыл ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамында жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр. Ведомство қылмыстық әрекетке қатысушыларды анықтап, олардың заңсыз әрекеттерін құжаттау және қылмыстық істерді сотқа дейін жеткізу шараларын жүргізуде.

Мысалы, Қарағанды облысында тау-кен байыту кәсіпорындарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық қоғамдастықтың ұйымдастырушысы мен 10 қатысушысына қатысты сот үкімі шықты. Олар 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорынның аумағынан мүлікті алаяқтық схемалар арқылы ұрлауға қатысы бар ҰҚТ басшысы мен төрт мүшесі сотталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматыда автокөліктерді заңсыз тіркеу, VIN-кодтар мен ақпараттық жүйелердегі деректерді өзгерту және көлік сату кезінде алаяқтық жасауға қатысы бар ҰҚТ-ның 13 мүшесі 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Елордада есірткі өткізген ҰҚТ ұйымдастырушысы мен бес мүшесі сотталды. Ұйымдастырушы 17 жылға, ал оның сыбайластары 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада, соның ішінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған қылмыстық ортаның сегіз өкілі сотталды. Оларға ҰҚТ қызметін ұйымдастыру және оған қатысу бойынша айып тағылып, сот үкімімен 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық жаңалық