Қоғам

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Айдос Мырзахметов бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған.

Бүгін Президенттің Жарлығымен Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

Еске салайық, Каспийдегі әскери жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Барлық жаңалық