🏛️ Саясат

Тележурналист Ирандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Тележурналист Ирандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Тележурналист Азамат Әбілқайыр аймақтағы геосаяси жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Иран төңірегіндегі текетірес қауіптің кейде алыстан емес, ең жақын ортадан туындайтынын көрсетті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Осыған байланысты журналист Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын еске салды. Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін үнемі айтып келеді. Президент көрші мемлекеттер арасындағы тату қатынасты дамыту, сенімді диалог орнату және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту маңызды екенін бірнеше рет атап өткен.

Журналисттің пікірінше, дамушы және орта деңгейдегі мемлекеттер ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өзара тығыз байланыс орнатуы тиіс.

Азамат Әбілқайыр қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында көрші елдер арасындағы түсіністік пен прагматикалық саясат қауіпсіздіктің негізгі факторына айналып отырғанын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясатын атап өтіп, күрделі аймақтық жағдайда балансты саясат жүргізіп отырған Иордания тәжірибесін мысалға келтірді.

Барлық жаңалық