Қоғам

«Таза Қазақстан»: Мемлекет басшысының жеке үлгісі қазақстандықтарға әсер етті

«Таза Қазақстан»: Мемлекет басшысының жеке үлгісі қазақстандықтарға әсер етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарған жеті жылы Қазақстан үшін күрделі әрі маңызды кезеңмен тұспа-тұс келді. Бұл уақыт аралығында әлемде пандемия, экономикалық баяулау, инфляция, логистикалық қиындықтар және геосаяси тұрақсыздық сияқты сын-қатерлер орын алды. Сонымен қатар ел ішінде де ұзақ жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және саяси теңсіздіктерді еңсеру міндеті тұрды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Осындай күрделі жағдайда Қазақстан тұрақтылықты сақтап, әлеуметтік-экономикалық даму бағытын жалғастырды. Президент бастамасымен елдің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ауқымды реформалар жүзеге асырылды.

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы да айтарлықтай өсім көрсетті. Мәселен, 2025 жылы әлемдік экономика 3,3% өссе, Қазақстанда ІЖӨ 6,5%-ға артты.

Экономика құрылымында да өзгерістер байқалады. Бұрын өсім көбіне шикізатқа тәуелді болса, қазір өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және қызмет көрсету салалары экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналып отыр.

Жеті жыл ішінде елдің номиналды ІЖӨ көлемі 1,7 есеге өсіп, 2019 жылғы 181,7 млрд доллардан 2025 жылы 305,9 млрд долларға жетті. Ал жан басына шаққандағы ІЖӨ 9,8 мың доллардан 15 мың долларға дейін артты.

Өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамыды. Оның көлемі 11,5 трлн теңгеден 30,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл сала ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырса, керісінше кен өндіру саласының үлесі азайған.

Соңғы жылдары елде ондаған жаңа өндіріс орындары іске қосылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, Қостанай облысында KIA автокөліктерін шығаратын зауыт, Қарағанды облысында тұрмыстық техника мен автомобиль шиналары өндірісі, Атырау облысында полипропилен өндірісі, ал Алматы облысында вольфрам концентратын өндіру жобасы жүзеге асырылды.

Құрылыс саласы да қарқынды дамып келеді. Тек өткен жылы Қазақстанда 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Халықаралық валюта қорының деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемнің ең ірі 50 экономикасының қатарына енді. Сонымен қатар ел орташа жылдық экономикалық өсім қарқыны бойынша да алдыңғы қатарда тұр.

Президенттің инвестициялық саясаты нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі де айтарлықтай өсті. Соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш 12,6 трлн теңгеден 22,7 трлн теңгеге дейін артқан.

Барлық жаңалық