Жаңалықтар

Танымал діни уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Танымал діни уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін«уағызшы» деп аталатын Дарын Мубаровты жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда олосындай әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заңталаптарын қайта елемеді.

Осы факт бойынша ДІБ қызметкерлері ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойыншаәкімшілік хаттама жасады (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілікжаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау).

Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндеайыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұл бүгінгі күні 865 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаңсақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуғажол бермеуді еске саламыз.

Барлық жаңалық