Қоғам

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендер саны артты

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендер саны артты

Бұған дейін 7 адамның қаза тауып, 19 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметіне сәйкес, жарақат алғандар саны 21 адамға жеткен деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, ал 8 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан дәмханадан көлемі 50 литрлік 5 газ баллонын және 2 оттегі баллонын алып шыққан. Осылайша ықтимал қайталама жарылыстың алдын алды.

Жарылыс 26 ақпанда Ақмола облысы Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада болған.

Редакция қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтады, жараланған жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

Барлық жаңалық