UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс соңғы сатыда және жақын арада сотқа жіберіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Вице-министрдің айтуынша, тергеу ісі шамамен аяқталды және соңғы соттық сараптама нәтижесін күту қалды.
Қылмыстық іс аяқталу сатысында. Осы аптада соңғы сот сараптамасы алынады. Содан кейін күдікті тұлғаның әрекеттерін құқықтық тұрғыда бағалап, материалдарды прокуратура арқылы сотқа жолдаймыз, – деді Санжар Әділов.
Журналистердің сұрағына жауап беріп, вице-министр апат Ақмола облысында болғанымен, тергеуді сол облыстың полиция департаменті жүргізіп жатқанын атап өтті.
Қылмыстық істі аймақтық полиция департаменті тергеп жатыр және қазіргі уақытта аяқталу сатысында, – деді ол.