Жаңалықтар

Шахтадағы апат: 20 тамыз қаралы күн деп жарияланды

Шахтадағы апат: 20 тамыз қаралы күн деп жарияланды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына қарасты «Қазақстан» шахтасында апатқа байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.  Компанияның бас директоры Владимир Яблонский көңіл айту хатын жолдады. «Терең күйзеліспен «АрселорМиттал Теміртау» ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза – отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.
Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.
20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ында қаралы күн болып жарияланды», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Барлық жаңалық