Жаңалықтар

Шымкентте 19 адам эвакуацияланды

Шымкентте 19 адам эвакуацияланды

Шымкенттің Абай ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Өрт салдарынан үй заттары жанып, жалын пәтердің керме төбесіне тараған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баспалдақ арқылы 19 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық