Жаңалықтар

Семейде психикалық дерті бар науқастарды мекеме директоры жұмысқа жеккен

Семейде психикалық дерті бар науқастарды мекеме директоры жұмысқа жеккен

Абай облысында әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тексеру барысында №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

«Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған», - деп хабарлады облыс прокуроры Ерлан Абаев.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша, уәкілетті органдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Барлық жаңалық