Жаңалықтар

«Қыздықты балық аулайтын жіппен тіккен»: Гинеколог сұмдық жайтты айтты

«Қыздықты балық аулайтын жіппен тіккен»: Гинеколог сұмдық жайтты айтты

Әлеуметтік желіде интимдік пластика жасатқан әйелдің басынан өткен жағдай қызу талқыланып жатыр. Шымкенттік гинеколог Айнұр Анваровна парақшасында оқырмандарының бірі жолдаған оқиғамен бөлісіп, мұндай процедураларды білікті маманға жасатудың маңызын ескертті, деп хабарлайды Ozgeris.info

Жазба авторының айтуынша, ол үш ай бұрын «ұзақмерзімді нәтиже береді» деген интимдік пластика жасатқан. Алайда кейін тігіс салынған жердің бірі ашылып, жағымсыз салдарға әкелген.

«3 ай бұрын долгосрочный деген қыздық салдырдым. Үлкен бай әулетке келін болып түстім. Алғаш неке түні өтетін кезде күйеуім мүшесі кіргенде кесіліп кетті. Қыздықты жан-жағын терісін тартып тіккен екен. Сол затты тесіп кіру үшін мүшесін тықты, одан ауырды. Ондай ауырғанын айта алмадым, жаман қиналдым. Жолдасым да қиналып, ай деп бақырып салды. Түріп светті жақты, жыныс мүшесі кесіліп кетті. Қан сорғалап ағып жатты, түсінбедім деп бұтымды көрді. Қарап, тесіктен жіпке жіп алды. Мынау балық аулайтын жіп қой деп шашымнан жұлып, диваннан құлатты. Тұра бергенімде шапалақпен салып қалды. Үйде алыстан келген қонақтар бар еді, бәрінің көзінше шашымнан сүйреп алып шығып, мынау қыз емес деп қораға жүгірді», – делінген жазбада.

Әйелдің сөзінше, жағдай мұнымен аяқталмаған. Отбасылық жанжалдан кейін оның ата-анасы да бұл жағдайдан хабардар болған. Жазба авторы қазір медициналық мекемеден өтемақы талап етуге және заң аясында әрекет етуге бола ма деген сауал қойған.

«Арқан жіп қайда деп асып тастаймын өзімді деді. Енем шықты, орамалын жерге ұрып, ақ шашымды сыйла, балам жәлеп үшін өлме деп жылады. Бір сәтте бәрі астан-кестен болды. Жолдасым больницаға кетті, мені төркінім әкетіп енді тойдың 10 миллион ақшасын қайтар дейді. Болмаса соттаймыз деп отыр. Астымды тіккен жіп жігіттің мүшесін екі бөліп қиып жіберген. Мұндайға заң бар ма? Қыз болмай шықса тойдың ақшасын қалыңдықтан өндіру қажет пе? Әкем жүрегі ауырып инсульт алды, маған қандай кеңес айтасыз? Бәрінен де ата-анама обал болды. Тойдың жар ақшасы болса да қайтарамыз деп отыр. Олардың еш жазықтары жоқ. Мен де өзімді өлтіргім келеді. Өткенім туралы айтқым келмейді. Отбасылы еркек алдап қыздығымды пайдаланды. Ол жағы ұзақ әңгіме, маған кеңес айтыңыздаршы», – деп жазған әйел.

Оқиғаны жариялаған маман қыз-келіншектерге интимдік пластика секілді медициналық араласуларды тиісті білімі мен біліктілігі бар дәрігерге ғана жасатуға кеңес берді.

«Қыздар, мен сіздерге әрдайым айтамын: білікті дәрігерге барып жасатыңыздар. Қыздық жасатуға дипломы жоқ адамға барып, осындай жағдайға тап болып қалмаңыздар», – деп ескертті маман.

Барлық жаңалық