Ақмола облысының Қосшы қаласында 5 жастағы бала суға батып кетіп, қаза тапты. Бұл оқиға 3 тамыз күні Есіл өзенінде болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланы судан туыстары шығарып алғанымен, дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ – баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Полицияның мәлімдеуінше, оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Құзырлы орган ата-аналарға суда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Олардың айтуынша, бірнеше секундтық назарсыздықтың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.