Жаңалықтар

Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 15 өңірінде 16–17 қаңтарға арналған дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Оzgeris.info сайты «Қазгидромет»-ке сілтемемен мәлімдейді.

 

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында ауа райы күрт нашарлап, қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі.

 

Қолайсыз ауа райы батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарды қамтиды. Кейбір өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Ал солтүстік және шығыс облыстарда аяз күшейіп, ауа температурасы −40…−42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

 

Ең қатты суық Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі. Бұл өңірлерде экстремалды аяз бен боран сақталады деп болжануда.

 

Оңтүстік өңірлерде де ауа райы қолайсыз болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу өңірінде қалың қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Сонымен қатар ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

 

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, алыс жолға шықпауды және ауа райы болжамдарын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.

Барлық жаңалық