Қоғам

Қазақстанда 2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді

Қазақстанда 2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді

2025 жылы Қазақстанда 45,7 мың ажырасу тіркелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді деп жазды ozgeris.info сайты.

Ажырасулардың басым бөлігі қалалық жерлерде тіркелген – 34 мың (74,4%), ал ауылдық жерлерде 11,7 мың жағдай (25,6%) анықталған. Жалпы ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24-ті құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (3,43), Қарағанды облысында (3,41) және Солтүстік Қазақстан облысында (3,28) тіркелді. Ең төмен деңгей Түркістан облысында байқалды – 1,03.

Статистикаға сәйкес, ажырасулардың ең көп үлесі бірге 1–4 жыл тұрған жұптарға тиесілі – 35%. Сонымен қатар, 5–9 жыл некеде болғандар арасында бұл көрсеткіш 24%-ды құрады. Ал 8% жұп некені бір жылға жетпей бұзған.

2025 жылы елде жалпы 115,9 мың неке тіркелген. Орташа неке жасы ерлер арасында 27,9 жасты, әйелдер арасында 25,3 жасты құрады.

Барлық жаңалық