Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді: стадионда рух пен намыс кернеді

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді: стадионда рух пен намыс кернеді

Кеше Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнге қарсы өткен кездесуде айқын жеңіске жетті. «Дала қырандары» атты жастар бірлестігі де ұлттық құраманы қолдауға барды. Олар бұл сәтті өздерінің Instagram парақшасында бөліскен еді деп хабалайды ozgeris.info сайты

 

Стадионда ерекше атмосфера қалыптасып, алғаш рет көк байрағымыз қырандарымыздың қанатында бүкіл алаңды шарлады.

 

 

Жанкүйерлер команданы бар даусымен, шынайы эмоциямен қолдап, жігер сыйлады. Қазақстандық футболшылар қарсыласты 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. 

 

Мамандар мен жанкүйерлер бұл сәтті тек спорттық жеңіс қана емес, ел рухын көтеретін маңызды оқиға деп бағалады. Көк туымыздың алаңдағы көрінісі – ел бірлігінің, жігерінің және футболға деген махаббаттың символы болды. 

Барлық жаңалық