Шоу-бизнес

"Кенже балаңа асықтың ба?": Әнші Qanay қара жамылды

"Кенже балаңа асықтың ба?": Әнші Qanay қара жамылды

"Qanay" лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасындағы қаралы хабарды айтты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Белгілі болғандай әншінің әкесі қайтыс болған. 

"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анашыма айтпай ауылға ұшырып жібердім. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді", - деп жазды ол жеке парақшасында. 

Айта кетейік, Нұрболат Қанай өзінің сұхбатында 2003 жылы туылған інісінен айырылып қалғанын мәлімдеген еді.

Барлық жаңалық