Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай: Тоқаев Арал мәселесін қозғады

Ұлттық құрылтай: Тоқаев Арал мәселесін қозғады

Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтеді. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. 

— Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашатынын айтты.

 

Барлық жаңалық