Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялап, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі жарияланған видеода сүйіктісіне арнайы ән арнағанын айтып, жазбасына қысқа ғана пікір қалдырған.
«Ән арнаймын деп жылатып алдым…», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір қалдырып, көзқарастары екіге жарылды. Кейбірі әнші мен оның сүйіктісіне бақыт тілеп, қолдау білдірсе, енді бір бөлігі жас айырмашылығына назар аударып, сын пікірлерін жасырмады.
«Сонша жыл жүріп, пұшық қыз алмақсың ба, Жігер-ау?», «Есейіп, ақыл кіреді деп едім», «Тым жас қыз, жараспай тұр», «Қыздың өзі кінәлі, ажырасқан еркекке неге қараған?», «Әкесі мен қызы сияқты көрінеді», «Күбіден түскен сары майдай еріп тұр ғой», – деп жазды желі қолданушылары.
Қазіргі таңда бұл жазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, талқылау толастар емес.