Жаңалықтар

«Қазақмыс» қызметтік пәтерлерді жұмыскерлердің меншігіне берді

«Қазақмыс» қызметтік пәтерлерді жұмыскерлердің меншігіне берді

«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастамаларын жалғастырып келеді. Соңғы кезеңде компания бірқатар қызметтік пәтерді жұмыскерлердің жеке меншігіне өткізді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Аталған бағдарлама аясында 13 пәтер рәсімделді. Оның ішінде 8 пәтер Балқаш қаласында, ал 5 пәтер Жезқазған өңірінде орналасқан. Бұл мүмкіндік негізінен қызметтік баспанада тұратын және әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін жұмыскерлерге берілді.

Компания пәтерді рәсімдеуге байланысты барлық салықтар мен міндетті төлемдерді өз мойнына алған. Осылайша қызметкерлер баспананы қосымша қаржылық жүктемесіз иелену мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жылдары «Қазақмыс» бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінге дейін 90-нан астам қызметкерге пәтер кілті табысталған.

Алдағы уақытта да бағдарлама жалғасады. Екінші тоқсанда тағы 23 пәтерді жеңілдетілген шартпен сату және Балқаш қаласындағы қызметтік үйлерді жұмыскерлерге беру жоспарланып отыр.

Бұл бастама компанияның қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі болып саналады.

Барлық жаңалық