«Қазақмыс корпорациясы» серіктестігі құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты өз активтерінің бір бөлігін қайта құрылымдауды аяқтап, енді 9 кәсіпорын компания құрамына кірмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл шешім бизнесті оңтайландыруға және басқару ісінің ашықтығын арттырып, негізгі жұмыс бағыттарына басымдық беруге арналған. Осы мәміленің нәтижесінде топ құрамында қалатын заңды тұлғалардың жаңа тізімі қалыптасты. Енді корпорация құрамында «Қазақмыс корпорациясы», «Maker (Мэйкер)», «Kazakhmys Barlau», «Kazakhmys Smelting», «Kazakhmys Maintenance Services», «Медицинский центр Жезказган» серіктестіктері мен «Жезказган-эйр (ZHEZAIR)» авиакомпаниясы жұмысын жалғастырады. Оған қоса бұл тізімге «Zhanashyr Project», «Kazakhmys Development», «Итауыз Project», «Профессиональная военизированная аварийно-спасательная служба Партнер», «Mineral operating», «Даутбай PROJECT», «Тамды-Саинбулак Project», «Kazakhmys Progress» компаниялары еніп отыр. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық және политехникалық колледждері, «Дюсембай Project», «Алтынказган Project», «Идыгей Project», «Бенкала Cuprum Project», «SN Mining», «BM Mining», «СП Жетымшокы», «North Nurkazgan Project», «QazREM Mining», «Qazaq Geophysics (QG)», «GEMSTONE-KZ», «Creative Ulytau», «FZE KZ», «Жамбылмыс» серіктестіктері мен «Улытау» университеті корпорация қарамағында қалады.
Ал меншік құрылымындағы өзгерістерге байланысты бірқатар мекеме корпорацияның қазіргі қызметінен шығарылып, өзге заңды тұлғалардың меншігіне өтті. Олардың қатарында «Kazakhmys Energy», «Kazakhmys Distribution», «Kazakhmys Coal», «KAZ GREEN ENERGY», Топар бас энергия тарату станциясы, Қазақмыс сақтандыру компаниясы, «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы, «КАЗБЕЛАЗ» біріккен кәсіпорны және Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы бар.
Бұдан былай аталған ұйымдардың қызметіне қатысты барлық мәселе корпорацияның жауапкершілігіне кірмейтіндіктен, олар бойынша тікелей жаңа меншік иелері мен басшылыққа хабарласу қажет.
Бұл мәміленің іске асуы өндірістік қызметке, сондай-ақ жұмысшылар мен мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерге ешқандай кері әсерін тигізбейді және барлық процесс қалыпты режимде жүріп жатыр.
«Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына берік екенін атап өтеді, сондықтан бұрын жарияланған инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды жалғастырады», – деп мәлімдеді корпорация.
Мәміле туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта қолданыстағы заңнама мен корпоративтік міндеттемелерге сәйкес жарияланатын болады.