Жаңалықтар

"Қара хиджаб киген": Күзде жоғалған Алматы облысының тұрғыны өлі табылды

2024 жылғы күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны екі айдан кейін өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы 26 қарашада жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы Наурыз көшесі 6-үйден шыққан. Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ұзын қара, көзі қоңыр. Үстінде қара қысқа күрте, хиджаб киген. Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Өлімнің мән-жайы айтылмады.
Барлық жаңалық