Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш әлі қалпына келтіріліп, орнына қойылмаған, деп хабарлайды "ozgeris.info" "halyq-uni.kz"-ке сілтеме жасап.
Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Жиында Елбасыға қойылған ескеркішті қайта қалпына келтіру жайы да сөз болды.
— Бұл сұрақ күн тәртібінде тұрған жоқ. Шынын айтқанда, жаңа ескерткіш жасамасақ, ескерткішті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Быт-шыты шыққан, - деп қысқа қайырды аймақ басшысы.
Талдықорған алаңында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші 2016 жылы қараша айында орнатылған болатын. Қоладан құйылған монументтің биіктігі - 8,5 метр. 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Елбасының ескерткіші қиратылды.
"ozgeris.info"