Жаңалықтар

Президент жарлығымен ҰҚК-ге жаңа өкілеттіктер берілді

Президент жарлығымен ҰҚК-ге жаңа өкілеттіктер берілді

Президенттің жаңа жарлығына сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) аса маңызды инфокоммуникациялық инфрақұрылым нысандарындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауға жауапты орган болып белгіленді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бұған дейін бұл функция Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) құзыретінде болған. Жаңа құжатқа сәйкес, аталған өкілеттіктер мен жауапкершілік енді ҰҚК-ге берілмек.

 

Жарлықта Үкіметке ҰҚК-мен бірлесіп, қажетті заңнамалық өзгерістерді әзірлеу және құжатты іске асыруға бағытталған тиісті шараларды қабылдау тапсырылған.

 

Сонымен қатар, ҰҚК өз қызметіне қатысты ережелерді нақтылайтын Президент жарлығының жобасын әзірлеп, бекітуге ұсынуы тиіс.

 

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Барлық жаңалық