Жаңалықтар

Президент Азия чемпионы атанған қазақ қыздарын құттықтады

Президент Азия чемпионы атанған қазақ қыздарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.

Барлық жаңалық