Қоғам

Пойыздағы адам өлімі: Әріптесіне пышақ сұққан сотталды

Пойыздағы адам өлімі: Әріптесіне пышақ сұққан сотталды

«Ақтөбе - Алматы» жолаушылар пойызында мас күйде әріптесін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапарға шыққан үш әріптес мейрамхана вагонында ішімдік ішкеннен кейін екеуінің арасында келіспеушілік туындаған.

Сөз таластырған ер адамдар вагон тамбурына шыққан кезде жолаушылардың бірі әріптесіне бірнеше рет пышақ сұғып, алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Сот тергеу материалдарын қарай келе айыпталушыны адам өлтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта бұл сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, біз бұған дейін пойызбен жүретін жолаушыларға қандай тыйымдар салынғаны туралы айтқан болатынбыз.

Барлық жаңалық