Жаңалықтар

Павлодарда өрттен екі бала қайтыс болды: Отбасына пәтер берілді

Павлодарда өрттен екі бала қайтыс болды: Отбасына пәтер берілді

Павлодар облысында Ертіс ауданының әкімдігі өрт салдарынан екі кішкентай баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер беретін болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Аудан әкімдігі отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақ сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі», - деп мәлімдеді әкімдік.

Қазір психологтар отбасы мүшелеріне көмек көрсетіп жатыр. Өрттің себептері анықталуда.

Барлық жаңалық