«Бұл мекемеде ұжымдық шарт бар. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022-2024 жылдарға құрылған. Сол ұжымдық еңбек шарты аясында қаза тапқан азаматтардың отбасына бірқатар жағдай көрсетіледі. Атап айтсақ, 10 жылдық жалақысын төлеп беру, пәтер алып беру, балаларының оқуға түсуіне жағдай жасау сияқты бірқатар әлеуметтік көмек бар», - деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.Сондай-ақ Бас мемлекеттік еңбек инспекторы ауруханада жатқан кеншілерге қандай көмек қарастырылғанын айтып берді. «Апаттан зардап шегіп, ауруханада жатқан адамдарға да көмек бар. Бүгінде елімізде азаматтарға денсаулығына байланысты еңбекке уақытша жарамсыз болғаны үшін 25 АЕК қана төленеді. Бұл кеншілерге міндетті түрде 100 пайыз төленеді. Олардың толық емделіп шығуына қажетті шығынды компания өз мойнына алады. Жағдайына қарап, егер олар жазылмай мүгедек болса, ұжымдық шарт шеңберінде тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деді ол. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының мәліметінше, көмір шахталарындағы жұмысшылардың жалақысы еңбек шартына байланысты әртүрлі. «Жұмысшыларға қатысты айтатын болсам, әртүрлі жағдайларға байланысты, өндіру учаскесінде өткізгіштер шамамен 860-880 мың теңге алады. Бұл бесінші санат үшін. Мұндай жалақы жоспарды орындау кезінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен өндірістік көрсеткіштердің барлық шарттарын орындау кезінде төленеді. Ал көмекші учаскедегі үшінші разрядтағы жерасты тау-кен жұмысшысының жалақысы шамамен 500-515 мың теңге. Бұл да қауіпсіздік техникасы мен өндірістік көрсеткіштердің барлық шарттарын орындалған кезде төленетін сома», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. Еске салайық, 2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды. Шахтадан екі адамның мәйіті табылып, тағы үш адам іздестіріліп жатыр.
Жаңалықтар
Пәтер мен 10 жылдық жалақы: қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі
18.08.2023
161
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
-
Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті14:26, 30 мамыр 2026
-
Қазақстанның үлкен бәсі13:33, 30 мамыр 2026
-
Астанада тағы да велосипед мінген баланы көлік қақты (ВИДЕО)12:19, 30 мамыр 2026
-
Роза Рымбаеваға ұлдары көлік сыйлады11:27, 30 мамыр 2026
-
Оралда тірідей жанған бала: тергеу тоқтатылып, іс жабылды10:07, 30 мамыр 2026
-
Тоқаев Қазақстанға сапары аяқталған Путинді елорда әуежайынан шығарып салды09:10, 30 мамыр 2026
-
ЕАЭО-ның жаңа бағыты: цифрландыру, жасанды интеллект және экономикалық өсім18:24, 29 мамыр 2026
-
-
-
"Қолдау көрсетті": Роза Рымбаева концертінде Президентке алғыс айтты17:36, 29 мамыр 2026
-
-
"Мықты бол!": Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы сотта ұлына үн қатты15:38, 29 мамыр 2026
-
"Қолдау көрсетті": Роза Рымбаева концертінде Президентке алғыс айтты17:36, 29 мамыр 2026
-
-
Атырау облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды16:21, 29 мамыр 2026
-
-
ЕАЭО келесі саммиті Санкт-Петербургте өтеді17:14, 29 мамыр 2026
-
-
-
ЕАЭО-ның жаңа бағыты: цифрландыру, жасанды интеллект және экономикалық өсім18:24, 29 мамыр 2026
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
"Бақилық болды": Қабатовтың екінші әйелі қаралы хабар айтты09:11, 28 мамыр 2026
-
-
"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді11:55, 25 мамыр 2026
-
-
"Мына Баяның менен өткен": Бағдагүл емші продюсерге тағы да тиісті (ВИДЕО)09:48, 25 мамыр 2026
-
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-
-