Қоғам

Тоқаев Қазақстанға сапары аяқталған Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Тоқаев Қазақстанға сапары аяқталған Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары мәресіне жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бұл ақпаратты жұма күні Ақорда растап, көрші ел басшысын Қазақстан президенті жеке өзі шығарып салғанын мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды», – деді Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Путин елімізге 27 мамырда Тоқаевтың шақыруымен келіп, келіссөздер барысында тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуды талқылап, достық пен тату көршілік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады. Қазақстан көшбасшысы бұл кездесуді өте сәтті өтті деп бағалады. Бұған қоса сапар аясында 28 мамырда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум, ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылды.

Барлық жаңалық