Жаңалықтар

"Қолдау көрсетті": Роза Рымбаева концертінде Президентке алғыс айтты

"Қолдау көрсетті": Роза Рымбаева концертінде Президентке алғыс айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева елордада өзінің жарты ғасырлық шығармашылығына арналған ауқымды турын қорытындылап, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Әнші 2026 жылдың көктемі бойы еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ақпан айында Алматыда, наурызда Оралда, сәуірде Шымкентте, ал мамырда Қарағанды мен Теміртау қалаларында және өзге де аймақтарда үлкен концерттерін өткізген болатын.

Өнер иесінің бұл гастролі күні кеше, яғни 27 мамырда Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында ұйымдастырылған гранд-концертпен өз мәресіне жетті.

«Сахнада 50 жыл» атты Қазақстан бойынша гастрольдік тур елордамыз Астанада жарқын түрде өз мәресіне жетті. Осы ұмытылмас концерттердің өтуіне қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, мемлекетке және барша жанашыр жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Музыкаға, көрерменнің ыстық ықыласына толы бұл кештер жүрегімде мәңгі сақталады. Осы жылдар бойы менімен бірге болған барша көрерменге мың алғыс! Келесі кездескенше!», – деп жазды әнші инстаграмда.

Барлық жаңалық