Бүгін, 30 мамырда Алматы қаласында Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді, деп хабарлайды Politico.kz сайты.
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Triumph Hall» мейрамханасында сағат 13.00-де басталған еске алу шарасына шамамен 500 адам жиналды. Асқа Роза Рымбаева, Мейрамбек Бесбаев, Асылы Осман және Сауық Жақанова сынды белгілі өнер мен қоғам қайраткерлері келді. Сонымен қатар Жазушылар одағының өкілдері, Алматы әкімінің орынбасары, театр актерлері, желтоқсаншылар мен көршілес Қырғызстаннан келген арнайы делегация марқұмның рухына Құран бағыштап, қаламгердің шығармашылық мұрасы мен ел дамуына қосқан үлесін еске алды.
Осы жиын барысында қайраткердің зиратын қарайтып, басын көтеру ісін белгілі меценат Серікжан Сейітжанов өз мойнына алғаны көпшілікке мәлім болды.