Жаңалықтар

Отбасы банк осал топтарды қолдауға басымдық беруі тиіс

Отбасы банк осал топтарды қолдауға басымдық беруі тиіс

Отбасы банк халықтың осал топтарын қолдауға басымдық беруі тиіс — Олжас Бектенов

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Премьер-министр мемлекеттік бағдарламаларға түсетін жүктемені азайту үшін екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін коммерциялық ипотеканың көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру үшін нарықтық ипотеканы дамыту маңызды.

Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Ұлттық Банкі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, коммерциялық ипотеканы жетілдірудің жаңа тәсілдерін әзірлеуі тиіс.

Сонымен қатар Отбасы банк халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға баса назар аударуы қажет екені айтылды.

Үкімет басшысы сондай-ақ Құрылыс кодексін іске асыру аясында нормативтік-құқықтық актілерді уақытылы жаңартуды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін тиісті құжаттарды қабылдап, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алуы тиіс.

Барлық жаңалық