Жаңалықтар

«Өңі кіріп, сұлуланып кетіпті»: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты

«Өңі кіріп, сұлуланып кетіпті»: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты

Атыраудағы резонансты қылмыстық істен кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты. Қазір ол туыстарының қарауында болып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуға тырысып жүр, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін балаларымен қауышқан.

Қазір ол жақындарының қолдауында. Туыстары оның денсаулығы мен психологиялық жағдайына байланысты тыныштық қажет екенін айтып, көпшілік тарапынан түсіністік танытуды сұраған.

Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның есімі Атырауда қоғам назарын аударған қылмыстық істен кейін кеңінен белгілі болды. Оқиғадан соң ол психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған.

Қазіргі уақытта Ақбаянның жағдайы біртіндеп тұрақталып, ол отбасымен бірге қалыпты өмірге оралуға әрекет жасап жатыр.

Барлық жаңалық