Ресей төтенше жағдайлар комитетінің Омбы облысы бойынша өңірлік басқармасы қаза тапқан екінші адамның 2002 жылы туған жас жігіт екенін анықтады. Ол нысанда мердігерлік қызмет атқарған «Глобал инжиниринг» компаниясының қызметкері болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Тергеушілер өрттің шығуына тікелей кінәлі адамдарды ғана емес, сонымен бірге құрылыс алаңындағы қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды да анықтауды көздеп отыр. Атап айтқанда, дәнекерлеу жұмыстары алдында жумысшыларға нұсқаулық беріп, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауға тиіс болған тұлғалар тексеріліп жатыр.
Еске сала кетейік, Омбы облысының Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін өрттен зардап шеккен екінші адамның көз жұмғанын хабарлаған болатын. Ауыр жарақат алған тағы екі адам (денесінің 50% және 70% күйігі бар) құрылыс жүргізуші компанияның есебінен одан әрі емделу үшін арнайы бортпен Нижний Новгородқа жеткізілді. Омбыдағы №1 жедел медициналық жәрдем ауруханасында төрт адам емделуде, олардың екеуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.
Омскідегі салынып жатқан ғимараттағы өрт 15 тамыз күні таңертең Крупская мен Архитекторлар көшелерінің қиылысында орын алған еді. Тілсіз жау бірінші қабаттан басталып, жоғарғы қабаттарға жылдам шарпыған. Оқиға салдарынан барлығы 11 адам зардап шегіп, олардың 3-еуі амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. 16 тамызда жарақат алғандардың бірі ауруханада қайтыс болды.
Аталған факті бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 143-бабы 2-бөлігі (Еңбекті қорғау талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.