Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған 19 жастағы Мадинаның қайын жұртының үйіне барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алайда қыздың ата-енесі сұхбат беруден бас тартқан.
Жан Ахмадиев сұхбатты солармен қатар тұратын көршісінен алған.
Айтуынша Мадияр өте момын жігіт.
"Көрші тұрсақ та Мадияр-жуас бала. Ашумен ұрса ұрған да шығар. Еркек болған ұрады ғой. Ұрғанда да өлтіріп ұрғанын көрмеймін мен. Отбасы болған соң айқайласып ұрысқан шығар", - деді ол.
Бұл пікір көпшіліктің ашуына тиді.
"Мына әйелді де соттау керек", "Мадинаның орнында қызы болғанда қалай сайрар екен", "Шыбын өлтіргендей еш өкінішсіз айтып отыр ғой", "Әйелдің жауы әйел болып тұр ғой", - деп жазды оқырмандар.