Иранның мемлекеттік телеарнасында АҚШ президенті Дональд Трампты өлтіруге қаражат жинаған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
IRIB Quran телеарнасының эфирінде жүргізуші Марьям Гасеми көрермендерден Америка көшбасшысын өлтірген адамға сыйақы ретінде ақша аударуды өтінген.
«Барша ирандықтар бір күні Трамптың өлімі туралы хабарлаймыз деп үміттенеді», - деді Гасеми.
Тікелей эфирдің 10 минуты ішінде телекөрермендер 81 млн туман (шамамен $435) жинаған. Бағдарлама қонағы, ирандық бизнесмен Алиреза Юнчи тағы 19 млн туман қосуға уәде беріп, жалпы соманы 100 млн туманға (шамамен $535) жеткізді.
Шілде айында Израиль АҚШ-қа Иранның Америка президентіне қарсы жаңа қастандық дайындап жатқанын көрсететін барлау мәліметтерін берген болатын. Қауіп туралы хабарламалар Вашингтон мен Тегеран арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі аясында пайда болды. Трамптың өзі бұл Иранның оны өлтіруге жасаған алғашқы әрекеті емес екенін алға тартады.