Шоу-бизнес

«Бәріне көз жұмып...»: Жазира Байырбекова ене болу оңай емес екенін айтты

«Бәріне көз жұмып...»: Жазира Байырбекова ене болу оңай емес екенін айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол ене болудың оңай шаруа емес екенін жазған. 

"Ене болу қалай екен? - дейсіздер. Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын.  Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты.  Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай,қалай ене болам деп жатсаңыздар, жәй ғана "Мама” бола салыңыздар. Жеңіл болады.  Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!", - деп жазды ол. 

Көпшілік өнер иесіне өз ақыл-кеңестерін жазуда. 

"Бәріне көз жұмып, өзің істеп жүре бересің", "Сабыр керек", "Саналы келін өзі-ақ алып кетеді", "Сен ене емес ана болу үшін ол да анасындай көру керек", - деп джазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық