Халық жаңа жылға жақындағанда «қаржымды реттеймін» деп көп ойланатыны белгілі. Бірақ көпшілік бірден нәтиже туралы ойлап кетеді. Біреу миллион жинағысы келеді, біреу пассив табысқа шығуды армандайды. Инвестор Аман Әлімбаев мұндай ойдың тым алыстан басталатынын айтады. Оның түсіндіруінше, үлкен мақсатқа жету үшін ең алдымен адамның өзі өзгеруі керек, деп жазады Ozgeris.info.
Аман Әлімбаевтың айтуынша, көпшіліктің ең үлкен қатесі – бірден нәтижеге қарау. Ол бұл туралы былай дейді:
«Джеймс Клир айтқандай, адамдар бірден өздері қалаған нәтижеге секіреді. Мысалы, миллион доллар жинағым келеді деп қояды. Бірақ мәселе миллионда емес. Мәселе – сол миллионды жинап отыратын адамға айналу. Бір рет 10% жинап қою оңай. Бірақ ол әдет сіздің мінезіңізге айналмаса, кез келген күні тоқтап қалуыңыз мүмкін. Сол себепті мақсат – ақша емес, әдет. Қаржы жинау – адамның өзіне деген көзқарасы өзгергенде ғана тұрақты болады. Сіз жиі жинап отырсаңыз, өзіңізді капитал иесі ретінде сезіне бастайсыз. Сіз қимылыңызды қайталаған сайын, өз болмысыңыз да өзгеріп, инвестиция жасайтын адамға айналасыз».
Осы сөздің түбінде үлкен шындық жатыр. Кім пассив табысқа шығам десе, алдымен өзіне қарауы керек. Адам ай сайын тапқанынан аз жұмсайтын, қалғанын активке айналдыратын тұлғаға айналмайынша, мың жоспар да іске аспайды. Қарапайым да болса, ең үлкен күш – әдет. Инвестиция жасаған адамның алдында тағы бір маңызды сұрақ тұрады. Ақшаны қайда сақтау керек, инфляциядан қалай қорғау керек деген ой бәріне таныс. Осы кезде инвестордың айтқаны нақты жол көрсетеді. Ол былай дейді:

«Егер сіздің портфеліңіз бар болса, онда басты шешім қабылданып қойған. Сіз ақшаңызды қай валютада ұстайсыз, нені таңдайсыз – осының бәрі шешілген нәрсе. Енді ең маңыздысы – қолдағы барды инфляциядан қорғау. Құралдың бәрі бар. Мен өзім курс жақсы болып тұрған кезде көбірек валюталық активтерге саламын».
Бұл ой қазір көп адамға жақындау. Өйткені теңге арагідік әлсіреп, қайта күшейіп тұрған кезде әркім күмәнданады. Бірақ Аман Әлімбаев тек курсқа қарап шешім қабылдаудың қауіпті екенін айтады. Ол үшін жүйе болу керек. Жүйе жоқ жерде эмоция бар. Эмоция бар жерде қате шешім көп. Инвестор соңғы уақытта жиі қойылатын сұраққа да жауап береді. «Сүйемелдеу деген неге керек, оның шынайы бағасы қандай?» деген сұрақ оған жиілеп қойылады екен. Ол бұл туралы былай дейді:
«Инвестиция – ең тиімді құралды таңдап алу емес. Ол капиталды ұзақ мерзімге басқару жүйесі. Vanguard, BlackRock, Dimensional, Bridgewater сияқты әлемдегі ең ірі компаниялар да бір пікірде. Табысты анықтайтын нәрсе бүгін сіз қандай акция сатып алғаныңыз емес. Табысты анықтайтын – сіздің жүйеңіз бар ма, жоқ па. Жүйе жоқ болса, адам әр жаңалықтың соңынан жүгіреді. Қорқып шешім қабылдайды. Оған құрылым жетіспейді. Сол үшін кеңесші адамның жанында жүріп, дұрыс архитектура құрады. Ол жүйе бүгін де, 5 жылдан кейін де, 20 жылдан кейін де жұмыс істеуі керек».
Бұл пікір көп адамға ой салуы тиіс. Себебі біз көбіне «қай фонд жақсы?» деген сұрақпен жүреміз. Ал шын мәнінде «қай адамға айналу керек?» деген сұрақ әлдеқайда маңыздырақ болып шығады.

Инвестор өзінің ойына нақты дерек те келтіреді. Vanguard Advisor’s Alpha және Morningstar зерттеулері бойынша, кеңесшімен жұмыс істейтін инвесторлар жылына 2%-4% артық табыс алады.
«Нәтиженің арту себебі өте қарапайым. Портфель эмоциямен емес, мақсатпен құрылады. «Ребалансировка» жүйелі жасалады, көңіл күйге емес жоспарға сүйенеді. Қымбат әрі тиімсіз құралдар алынып тасталады. Салықтық жүктеме азаяды. Нарыққа дәл қай кезде кіретінімізді ешқашан болжауға тырыспаймыз. Барлығы уақыт пен тәуекел профиліне қарай жасалады. Тіпті +2% ғана қосымша табыс болса да, ол ұзақ мерзімде үлкен ақшаға айналады. 100 мың доллар бастапқы капиталы бар адам үшін 20 жылда бұл +200 мың доллар. Ал портфельге үнемі ақша қосып отырсаңыз, +350 мың доллар болады. Міне, осыны «hidden alpha» деп атайды».
Қазақстандық инвестор үшін тәуекелдер де ерекше. Сондықтан портфель тек әлемдік тәсілмен емес, жергілікті жағдайға сай жасалады. Ол өзінің тәсілін тарқатып айтады: елдер бойынша әртараптандыру, value, quality, momentum, low-volatility бағыттарын қолдану, валюталық бөлініс, салықтық ерекшелікті ескеру, мерзім мен мақсатты қосу, инфляция мен геосаясатқа арналған стресс-тесттер.
Сонымен бірге ол тәуекел топтарын жеке-жеке түсіндіреді. Оның айтуынша, бір елге тым көп тәуелді болу қауіпті. Мысалы, Қытайда 2015-2023 жылдары, Түркияда, Ресейде болған жағдайлар мұны көрсеткен. Сондай-ақ АҚШ активтеріне 70%-90% дейін концентрация да қауіп тудырады. Неликвидті құралдар да үлкен қауіп. Кей юрисдикциялар қолжетімсіз болып қалуы мүмкін.
Салық тәуекелі туралы оның сөзі әр инвесторға керек.
«Капитал 60 мың доллардан асса, америкалық емес, еуропалық активтерді ұстаған тиімді. АҚШ-та мұрагерлік салығы 40%. Дивидендке 15% салық төлемеу үшін кірісті қайта инвестициялауға болады. Ал актив сатқанда 7.5% ИПН үнемдеу жолдары бар», дейді инвестор.
Бұл сөз көп адамның ойын өзгертеді. Өйткені біз көбіне инвестицияны ғана ойлаймыз, ал салықты ұмытамыз. Стратегияда неликвидті құралдар қолданылмайды. Ол өтімді әрі ашық активтерді ғана пайдаланады. Әр клиентке толық диагностика жасалады. Капитал бөлінеді. Әр түрлі экономикалық цикл үшін стресс-тест жасалады. Балалардың оқуына, баспанаға, ерте зейнетке арналған жоспарлар есептеледі. Стратегия әр 6 ай сайын жаңарып отырады. Салық жоспары жасалады. Кеңесші жеке байланыста болады. Барлық ақпарат құпия сақталады.

Инвестор Аман Әлімбаев жақында зум-кездесулерден кейін бір маңызды ойға келген. Ол ой медицина мен қаржылық кеңес берудің өте ұқсас екенін байқататын тұжырым. Екі сала да адамдарға нақты шешім береді, бірақ сол шешімді орындау ең қиын нәрсе болып қалады. Аман Әлімбаев бұл туралы былай дейді:
«Қаржылық кеңес беру мен медицина адамдар нақты шешім үшін ақша төлеуге дайын екі сала. Бірақ адамдар сол кеңес өмірін өзгерте алатынын білгенімен, оны орындауға келгенде тоқтап қалады. Осы ой маған соңғы зум-созвондардан кейін келді. Адамдар кеңес тыңдағысы келеді, бірақ сол кеңес әрекетке айналғанда, басым бөлігі орындамайды».
Денсаулық сақтау саласындағы статистика адам мінезінің қаншалық күрделі екенін дәлелдейді. ДДҰ дерегіне қарағанда, созылмалы аурулары бар адамдардың тек 40% ғана дәрігер ұсынған емді толық орындайды. Ал алдын алу шараларына келгенде көрсеткіш тіпті төмен. Аман Әлімбаев бұл туралы былай дейді:
«Адамдардың 70% денсаулыққа қатысты қарапайым ұсыныстарды сақтамайды. Ұйқыға қатысты кеңестерді 90% орындамайды. Темекіден бас тарту, дұрыс тамақтану, салмақты бақылау сияқты ұзақмерзімді медициналық ұсыныстарды 95% адам елемейді. Johns Hopkins зерттеуі бойынша, дәл осы кеңесті орындамау бірнеше жыл ішінде денсаулықтың 50% нашарлауына себеп болады».
Қаржылық кеңес беру де медицина сияқты. Адамдар бәрін түсінеді, кеңесті тыңдайды, мақұлдайды. Бірақ күнделікті өмірде орындамайды. Аман Әлімбаев ғылыми деректерді келтіре отырып былай дейді:
«Vanguard, Dimensional және Dalbar зерттеулері көрсеткендей, қарапайым инвестор бірнеше жыл ішінде эмоциялық шешімдер салдарынан капиталдың 20–40% жоғалтады. Адамдардың басым бөлігі өздері жасаған қаржылық жоспарға 6-12 ай ғана шыдайды. Ең қиыны 95% адам капитал өсіретін ең негізгі 4 қағиданы орындамайды: өз табысына қарай өмір сүру, артығын диверсификацияланған портфельге инвестициялау, табыс деңгейін көтеру және таңдалған стратегияны 10–15 жыл бойы ұстану».
Бұл төрт қағиданы бәрі біледі. Бірақ орындау – халықтың тек аз бөлігіне ғана тән қасиет. Ол осы ойды жалғастырып, нақты нәтиженің қандай болатынын түсіндіреді:
«Егер адам осы төрт нәрсені тұрақты түрде 10–15 жыл орындаса, оның капиталы 500 мың – 1 миллион доллар деңгейіне жетуі мүмкін. Сол кезде инвестициялық табыс адамның негізгі табысынан да жоғары болар еді. Бірақ медицинадағы сияқты, 95% адам біледі, бірақ жасамайды».