Жаңалықтар

Мұнай бағасы арзандап кетті

Мұнай бағасы арзандап кетті

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Давоста Греландия мен Иранға қатысты саяси ұстанымының жұмсаруымен байланысты болуы мүмкін, деп жазады Оzgeris.info сайты. 

Геосаяси тәуекелдердің әлсіреуі санкциялар алынған жағдайда мұнай экспортының өсуіне жол ашуы мүмкін. Бұл тек Ресейге ғана емес, Қазақстан мен Венесуэлаға да қатысты. Қазақстан шикізатын жөнелтуді шектеп тұрған Қара теңіздегі мұнай терминалындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал Венесуэладан экспорттық ағындар қайта жанданып жатыр. Осы факторлардың әсерінен наурыз айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 2,5 пайызға арзандап, баррелі 64 доллардан сәл жоғары деңгейде саудаланды.

Ал америкалық WTI маркалы мұнай бағасы 0,7 пайызға өсті.

Сарапшылар бағаның қазіргі төмендеуін уақытша құбылыс ретінде бағалайды.

Барлық жаңалық