Оның айтуынша, ақын қалам тербеген әр туындысына өзіндік ерекше қолтаңбасын қалдырған. Оның жүрекке қонымды қарапайым поэзиясы қанша ғасыр өтсе де құндылығын жоғалтпайтыны хақ.«Мұқағалидің ақындық қасиеті мен өлеңдерінің әсерлілігі ешкімдікіне ұқсамайды. Сондықтан маған оның жырларын жаттау қиын емес. Әріптестерім жұмыс арасында өлең оқып беруімді сұрайды. Мен де шалқар шабытқа кенеліп, жүрекпен жеткізуге тырысамын»,- дейді кейіпкеріміз. Мұнайшы Мұқағалидің туған жеріне арнайы барып, музейімен танысқан. Ақын мұрасын көзбен көрген Сәкен осылайша бір мақсатының орындағанын айтады. Төрт баланың әкесі тіпті ұлдарының біріне мұзбалақ ақынның есімін берген.
"ozgeris.info"