"Ауруханадағы ой-толғам: "Сәулелі сәттерім, шуақты шатарым". Нұр Аға - менің мәңгілік сағыныш, мұңыма айналған алтын жүректі асылдардың ішіндегі айрықша асыл адам. Аяулы ағаммен 51 жыл сырлас болдым, 51 жыл мұңдас болдым, 51 жыл сапарлас болдым. Достығымыз бір туған бауырлыққа ұласқан бақытты ұрпақтармыз. Жарықтық менің кір жуып-кіндік кескен Алтын Емелімді мысыр шаһарынан артық көретін. Анамның ақ дастарханынан талай дәм татып, ауылыма барып аунап-қунап та қайтатынбыз. Тумаса да туған ағатайымдай қорған болды, мейіріне бөледі, қамқорлығын да аямады. Мені еркелетіп: "Нұрғаш" деуші еді. Бірер күн көрмей қалса: "Аңсатып, сағындырып қайда жүрсің, тез жет", - деп қоңырау соғатын. Аға сөзі екі рет қайталанбайды, тіпті талқыланбайды. Обалы нешік, ол кісінің бір сөзін екі еткен кезім болған емес. Жет , - деді ме, өліп-тірілсем де жетем. Филармонияда кездесеміз. "Отырар Сазының" репитициясы қызып жатады. Тұғырына қонған қырандай Нұр ағаң қырағы еді ғой. Есіктен енгенімнен "коронный әндерімен" оркестрді дүркіретіп ала жөнеледі. "Сарыжайлау" дейсіз бе, "Өз елім" дейсіз бе, "Алатау" дейсіз бе, қойшы әйтеуір менің даусыма арнап жазған әндерін бір-бір әуелетіп айтқызып, айызы қанған соң ғана құшағына ыстық ықыласпен қысатын. Сонда: "Қайда жүрсің адалым-ау, жалғызым-ау", - деп маңдайымнан өпкенде, екі көзінен аққан жас кеудесін жуып тұратын. Нұр аға да, мен де бір-бір қара шаңырақтың жалғыз, жарым қара сирақ балаларымыз ғой. "Адалым-ау, жалғызым-ау" деп аға егілгенде, іштей мен де езілетінмін. Жалғыздың жалқы көңілін асылы жалғыз ғана айтқызбай ұға алса керек-ті, ұғына алса керек-ті… Жасырып, жаба тоқып қайтейін, бұл күнде жүрегім жараланса,жаным жадап-жүдесе, Нұр ағам ойға оралады. Жанарыма ыстық жас үйіріледі… "Қалай болғанда да, Нұрғиса Тілендиевтің: "Адалым-ау, жалғызым-ау" деген екі ауыз сөзін мен ешбір атақ-даңққа айырбастай алмайтынымды анық білем. Сөз басында айтқанымдай, Нұр ағаңды алтынға балаймын. Мен мүмкін сол алтынның жәй ғана сынығымын. Нұр Ағам тау болғанда, бәлкім сол таудың бір етегімін. Ота алдында ардақты Ағама құрмет сезіммен есеп беруді інілік ізетім деп ілтипат таныттым", - деп жазды ол.
Шоу-бизнес
"Мәңгілік сағынышым, мұңыма айналған адамым": Нұрғали Нүсіпжанов келмеске кеткен сырласын есіне алды
22.01.2025
618
-
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі соңғы 25 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті11:21, 23 қараша 2026
-
«Қабір басын контентке айналдырды»: Сәкен Майғазиевтің видеосы қызу талқыға түсті10:53, 23 қараша 2026
-
«Қыздың өзі жабысып тұр»: Димаштың сахнадағы сүйісі туралы түсіндірме жарияланды10:29, 23 қараша 2026
-
«Менде шаруаң болмасын!»: Тұрсынбаева өзін келемеждеген әзілкешке жауап берді10:02, 23 қараша 2026
-
«Қазақмыс» L-410 ұшағын пайдаланып, медициналық эвакуациялау тәртібін пысықтады09:55, 23 қараша 2026
-
Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу өшіріледі09:42, 23 қараша 2026
-
АҚШ-та тағы да авиациялық ақау: мыңдаған рейс кешігуі мүмкін09:40, 23 қараша 2026
-
Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті09:21, 23 қараша 2026
-
Қарағандыдағы циркте акробат өнер көрсетіп жатып бес метр биіктіктен құлады17:00, 22 қараша 2026
-
Бибісарамен ойнаудан бас тартқан: Магнус Карлсен жазалануы мүмкін16:00, 22 қараша 2026
-
«Димаштан мұндайды күтпедік»: Әйгілі әнші сахнада жанкүйерімен сүйісті15:06, 22 қараша 2026
-
«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзін тілдеген психологқа сес көрсетті12:55, 22 қараша 2026
-
«Менде шаруаң болмасын!»: Тұрсынбаева өзін келемеждеген әзілкешке жауап берді10:02, 23 қараша 2026
-
Тоқаев Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады14:15, 22 қараша 2026
-
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – түркі әлемінің рухани тұтастығын жалғаған құндылық12:39, 22 қараша 2026
-
Бибісарамен ойнаудан бас тартқан: Магнус Карлсен жазалануы мүмкін16:00, 22 қараша 2026
-
Қарағандыдағы циркте акробат өнер көрсетіп жатып бес метр биіктіктен құлады17:00, 22 қараша 2026
-
«Қыздың өзі жабысып тұр»: Димаштың сахнадағы сүйісі туралы түсіндірме жарияланды10:29, 23 қараша 2026
-
«Қабір басын контентке айналдырды»: Сәкен Майғазиевтің видеосы қызу талқыға түсті10:53, 23 қараша 2026
-
Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті09:21, 23 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
-
Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады14:23, 17 қараша 2026
-
«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі әнші Балжан Бидашқа бейәдеп сөздер жазды13:00, 17 қараша 2026
-
«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбектің үлкен қызы әкесінің тоқалына жауап берді10:48, 18 қараша 2026
-
«Марқұм әйеліне ұқсайды»: Аманжол Әлтаевтың отбасылық суреті елдің назарын аударды12:21, 16 қараша 2026
-
«Музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты16:17, 17 қараша 2026
-
«Сәбиіміздің жүрегі тоқтады»: Жахан Отарғалиевтің әйелі мәлімдеме жасады15:42, 18 қараша 2026
-
Мәдина Сәдуақаова жездесінің қазасынан кейін жазба жариялады11:05, 17 қараша 2026
-
«Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады»: Айшолпан Байтүгел ағынан жарылды12:27, 19 қараша 2026
-
«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды12:00, 15 қараша 2026
-
«Ұят болды, әлі сенбейміз»: Өзінен 6 жас үлкен әйелді алған әнші жаңалығын жария етті12:54, 12 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
-
«Лашын Құс» феномені: Ақгүл Әсетқызының болжамдары мен өткеніне қатысты дау19:34, 29 қазан 2026
-
Мәдина Сәдуақасованың отбасында қайғылы жағдай болды10:12, 11 қараша 2026
-
«Тұрсынбектің бетіне басып тұр»: Роза Рымбаеваның мерейтойдағы тілегі талқыға түсті10:20, 09 қараша 2026
-
-
«Қара жерге кіргізді»: Асаба Тұрсынбек Қабатовтың тоқалын ел алдында ұялтты09:50, 12 қараша 2026
-
Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады14:23, 17 қараша 2026