Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген ұлының тұсауын кестіру үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды Todayinfo
Бұл тура депутаты желіге бейнежазба жариялаған.
Бүгін баламның тұсауын Осман Тоха кесті. Құран Кәрімді көркем жазумен аты әлемге әйгілі болған ұлы хаттат, ислам әлеміндегі ең беделді каллиграфтардың бірі. Құранға қызмет еткен сол қасиетті қол баламның алғашқы қадамын ашты. Жүрегім толқып тұр, - деп жезды ол.
Еске сала кетсек , 25 жстағы Нұрайым Шақимерген Мәжілістің 42 жастағы депутаты Темір Қырықбаевтан бала тапқан. Олар заңды болмаса да мешітте неке қиғызған, бірақ қазір бірге емес. Нұрайым Шақимерген депутат т ың өзіне «үйленемін» деп уәде беріп, кейін қашып кеткенін жазған еді. Сондай-ақ бұрын Түркістан облыстық мәслихатында депутат болып, кейін Мәжіліске өткен Темір Қырықбаевты «өз креслосын тоқалына қалдырған» деген сыбыс шыққан -ды. А лайда Шақимерген бұл әңгімені жоққа шығарды. Ол қызметке өзінің сайлау арқылы келгенін жеткізді.