Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол «Көз тимесін» атты фильмде қысқа рөл сомдағанын айтты. Аталған фильм 22 қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастады деп жазады Оzgeris.info.
Көрермендер фильм барысында Ләйлә Сұлтанқызын күтпеген жерден көріп, таңданыстарын жасырмады. Әлеуметтік желіде көпшілік оны жаңа қадамы үшін құттықтап жатыр.
Өз кезегінде Ләйлә Сұлтанқызы бұл фильмге түсу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдіріп,
«Әрбір ұсынысты ұзақ ойланып барып қабылдаймын» деп жауап қатты.