Жаңалықтар

Кремльде Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев кездесті

Кремльде Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев кездесті

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі Кремльде Владимир Путиннің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізгенін хабарлады деп мәлімдейді Оzgeris.info.

 

Ресми мәліметке сәйкес, тараптар соңғы рет 2025 жылғы 29 мамырда жүздескен. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілік алдына соңғы рет шығуы биылғы жылдың маусым айында елордадағы мешіттердің бірінде болған еді.

 

Кремльде өткен кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен бұл жүздесу Назарбаевтың ұзақ уақыттан бері көзге түспей жүруінен кейін қоғам назарын ерекше аудартты.

Барлық жаңалық