Жаңалықтар

Кредиттік тарихты қалай тексеруге болады?

Кредиттік тарихтың тазалығы банктерге кіріптар кез келген жан үшін аса маңызды. Өйткені туысына, досына қарыз әперіп, жақына төлемесе өзі де төлемей, пайыздық үстемесін өсіріп сан соғып қалғандар жетерлік. Ozgeris.info тілшілері бұл тарыпты зерттеп көрді. Ең алдымен кредит тарихын онлайн және офлайн тексеруге болады. Онлайн тексеру кезінде:
  • Мемлекеттік кредиттік бюроның немесе Бірінші кредиттік бюроның сайттары арқылы (1CB.kz) қызмет алу үшін ЭЦҚ қажет;
  • kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою керек. Нәтиже сіздің жеке кабинетіңізде көрсетіледі.
Заңнамаға сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік жылда бір рет өзінің кредиттік тарихын тегін тексеруге құқылы. Ал қайта сұрау салу үшін 400 теңге төлеуіңіз тиіс. Қандай кредиттік тарих нашар деп саналады Кредиттік тарихтың нашар екендігінің негізгі көрсеткіштері – төлем мерзімінің өтуі және кредиттік жүктеменің жоғары болуы.  Әсіресе кредиттің коллекторларға сатылуы, қарыз алушының сотқа тартылуы немесе кредиттің мүлдем төленбеуі теріс көрсеткіш. Мұндай жағдайларда банк несие беруден бас тартады.

Егер кредиттік есепте қате ақпарат болса не істеу керек

Егер сіз кредиттік есеп алып және онда деректердің дұрыс еместігін көрсеңіз, онда бұл туралы банкке хабарлаңыз және растайтын құжаттарды жіберіңіз.

Сондай-ақ, кредиттік тарихта көрсетілген ақпаратқа eGov.kz порталындағы Бірінші кредиттік бюроның жеке тегін онлайн Несие тарихындағы ақпаратты даулау қызметі арқылы дау айтуыңызға болады.

Ал сіздің кредиттік тарихыңыз таза ма?
Барлық жаңалық