Танымал актер Берік Тұрсынбековтің желіде жаңа образымен түскен видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі шашын сарғыш түске бояп тастаған.
Мұны түсінбеген халық таңданысын жасырмады.
"Берік ағаны танымай қалдым, бір шетелдік па деп қалдым", "Шашын сарыға бояп кім боларын білмей қалған ба? Киркоров болып қалыпты ғой", "Күлпәш тәтемнің шашы қудай әппақ болыпты ғой", "Берікті түріктің актёрі ма деп қалдым", "Беріктің шашына не болған", "Мынау әйелдің ролін ойнап жүріп, нағыз әйел бопты ,өзі қара,шашы сары..", "Біртүрлі боп кетті өзі бұл образ саған жараспайды", - деп жазды оқырмандар.