Танымал әнші Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әншінің отбасында қыз бала дүниеге келгенін хабарлады.
«Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді — Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Бүгін — 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл — жетінші қыз бала. Киелі жетілік!»
Жан Мұқанов жас нәрестеге ақ тілегін арнап, отбасыға ізгі ниетін жеткізді.
«Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!».