Танымал әнші Қайрат Нұртастың әулетінде тағы бір нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Інісі Заңғар Нұртас әке атанды. Тұңғышын перзентханадан анасы және достарымен бірге шығарып алған.
Алайда анасының түсірген видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті.
"Бізде бүгін осындай үлкен той". Нәрестеміз әлі кішкентай деп ешкімге айтпадық. Құдағиымыз келіп алды", - деді Гүлзира видеода.
Индираның анасы жиеніне киімдерін де ала келген. Бірақ Гүлзира ханым "Қолыңыздағы не құдағи? Бесіктойда әкелетін едіңіз ғой" деп ыңғайсыз жағдайға қалдырды.
Продюсердің бұл әрекетіне халық түрлі реакция білдірді.
"Өз немересіне сүйінші алып жүр ме, қатырады", "Баймен жарлы құда болса осылай болады", "Қолыңыздағы не деп", "Босансақ бірінші анамызды іздейміз ғой, келгені дұрыс болған", "Сөзінен-ақ көрініп тұр менсінбеушілік", "Келсе өзінің туған анасы ғой", "Құдағиым келіп қуанып қалдым демей ме", - деп жазды желідегілер.