Қоғам

Жолдағы қасіретті кім тоқтатады? Жол апаттарының басты себептері мен шешу жолдары 

Жолдағы қасіретті кім тоқтатады? Жол апаттарының басты себептері мен шешу жолдары 

Елімізде жантүршігерлік жол апаттары жиілеп кетті. Небәрі төрт күн ішінде елімізде болған үш ірі жол апатынан 25 адам қаза тапты. Бұған кім кінәлі? Апаттардың жиілеуіне заң жауап бере ме, әлде жүргізушілердің өз жауапкершілігі ме? Мысалы Еуропада арнайы қошаулар орнатылған, олар көп жағдайда адамдардың өмірін сақтап қалады екен. Ал Қазақстанда олар түгілі, шұңқырлар мен тесіктерді жамауға мұршамыз жетпейді. Осы ретте Ozgeris.info тілшісі тақырыпты саралап көрді. 

11 қыркүйекте Маңғыстау облысында Toyota маркалы шағын автобус аударылып кетті. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Көлікті тізгіндеуші мен тағы екі жолаушы тірі қалды, қазір ауруханада жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ІІМ қаза тапқандардың мәйіттері мен олардың туыстарын тұрғылықты өңірлеріне жеткізу үшін арнайы ұшақ бөлді. Қайтыс болғандардың арасында Қарағанды облысының бес әйелі мен астаналық тұрғын бар, қалғандары жергілікті болуы мүмкін.

Арада екі күн өткенде жаңа апат болды. Қарағанды облысында Ford Mondeo жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Changan автокөлігімен соқтығысты. Бес адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. Олардың ішінде кінәлі деген күддіке ілінген жүргізуші де бар, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

14 қыркүйекте Жітіқара ауданында Nissan Cefiro жүргізушісі де қарсы жолаққа шығып, Lada VAZ және Chevrolet Cobalt көліктерімен соқтығысты. Nissan жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, Lada-ның бір жолаушысы да қайтыс болды, сондай-ақ Cobalt-тың ішінде болған сегіз адамның барлығы, оның ішінде бір бала да қаза тапты.

ІІМ үш апат бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда, тергеу амалдары қаза тапқандарды қайтара алмайды. Ведомство жүргізушілерге үндеу жасады:

«Жол қателікті кешірмейді. Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, тәуекелді маневрлер, қауіпсіздік белдігін тақпау әрекеттері өлімге әкеледі».

Комитет төрағасының орынбасары жолдағы бақылауды күшейтетінін айтып отыр. Яғни, ауқымды тексерістер, рейдтер, қалааралық бағыттарды және жеке тасымалдаушыларды қадағалау жүргізілмек. Сондай-ақ, көліктің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Дегенмен қауіпсіздік тек полицияның жұмысы емес, әр адамның жеке жауапкершілігі барын да есте сақтаған маңызды.

Орын алған үш қайғылы апаттың барлығы үкіметте талқыланды. Ішкі істер министрінің орынбасары үш жағдайдың екеуінде кінәлілердің жеке тасымалдаушылар болғанын, олар рульде отырып ұйықтап кетуі мүмкін деген болжам айтты. Үшінші жағдайда жүргізуші көлікті рұқсатсыз алған. Жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы, жолдағы қасірет туралы бұрын да жиі талқыланып келген. Ол кезде полиция өкілдері жол-көлік оқиғаларының көбеюін статистиканы жүргізу тәсілінің өзгеруімен түсіндірген болатын. 

Қолға алынған шаралардың бірі ретінде жылдамдықты төмендету ұсынылған. Бірақ үш резонансты апаттан кейін ІІМ тәсілін өзгеруге шешім қабылдады. Енді «Қауіпсіз жол» атты операция басталды,  заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр. Ең алдымен заңсыз тасымалдаушыларға қарсы күрес күшейтілмек.

Сарапшылардың пікірінше, тасымалдаушыларды ғана қатаң бақылауға алу жеткіліксіз екенін айтып отыр. Олар елдегі барлық автопарктің жағдайын қадағалау керектігін айтады. Бұл жерде жүйелі жұмыс қажет. Мысалы, балаларға арналған жол ережелері сабақтарынан енгізу, автокөлік мектептеріне бақылауды күшейту және заманауи жол инфрақұрылымын салу. 

Өлімге әкелетін ауыр апаттардың негізгі себептерінің бірі  – бөлгіштері жоқ трассаларда қарсы жолаққа шығу. Сарапшылардың пікірінше, ең қауіпті учаскелерге тіпті қарапайым бөлу қоршауларын орнату да адам өмірін едәуір сақтап қалады.

Халықаралық тәжірибеден үлгі алуға болады. Мысалы, Еуропада «2+1» принципі кеңінен қолданылады. Яғни, жолдың бір бөлігі екі жолақты, ал қарсы бағыт бір жолақты болып келеді, кейін бағыттар ауысып отырады. Бұл швед үлгісі жол апаттарының санын 50%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Сарапшылар жол ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы да аса маңызды екенін еске салады. Тәжірибе көрсеткендей, тек қатаң шаралар ғана тәртіпке шақырады. Мәселен, қазақстандық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін тағуға да осы арқылы үйренді. Мамандардың пікірінше, дәл осындай жолмен жолдағы жалпы қауіпсіздікті де арттыруға болады.

Барлық жаңалық