АҚШ, Канада және Мексика қабылдап жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ құрамасы топтық кезеңдегі ойынын жеңіспен бастады. АҚШ Парагвайды 4:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
АҚШ пен Парагвай арасындағы матч Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтті. Алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Есеп бірінші таймның жетінші минутында ашылды. Парагвайлық қорғаушы Дамиан Бобадилья өз қақпасына гол соғып, америкалықтарға алға шығуға мүмкіндік берді.
Бірінші таймның соңына дейін америкалық команда тағы екі гол соқты, шабуылшы Фоларин Балогун дубль жасады.
Парагвайлықтар екінші таймның 73-ші минутында соғылған бір голды қанағат тұтты. Оны жартылай қорғаушы Маурисио салды. Ал қосымша уақыттың сегізінші минутында АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Джованни Рейна тағы бір гол соқты.
Осылайша бірінші турдан кейін АҚШ құрамасы үш ұпай жинап, D тобында көш бастады. Бұл топта Түркия мен Аустралия құрамалары да бақ сынайды.